Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы аумағында фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы аумағында фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы аумағында фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке ҚР АШМ АӨК-гі мемлекеттік инспекция Комитеті төрағасы Е.Т.Айнабеков, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары О.А.Аусабаев қатысты.
«Қазіргі таңда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың саны 557 штаттық бірлікті құрап отыр, оның ішінде 390 бірлік облыстық, қалалық, аудандық бөлімдерде және 167 бірлік фитосанитариялық бақылау бекеттерінде.
Ағымдағы жылы фитосанитариялық бақылауды жүргізу барысында 23 мемлекеттен әкелінген импорттық өнімдерден ЕАЭО өсімдіктер карантині заңнамаларының бұзылуының 950 фактісі анықталды- деді Е.Айнабеков. Оның ішінде 160 факті карантиндік объектілердің анықталуы, 790 ЕАЭО фитосанитариялық талаптарының бұзылуы (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, сертификатың жарамсыз болуы, арнайы маркировканың жоқтығы және т.б.)

Жоғарда аталған заңнамаларға сәйкес 96 тоннадан астам, 5 мың. дана карантинге жатқызылған өнім жойылған, экспорттаушы мемлекетке 10 мың тонна, 2,1 мың м3 және 23 мың дана карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылды.
Бұл ретте, анықталған карантиндік объектілердің 160 фактісінің 113-ші немесе 70% Қырғыз Республикасы аумағынан әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерден анықталып отыр.
Айталық, ағымдағы жылы карантиндік объектілермен залалданған өнімдерді әкелуде 113 фактісінде Комсток сымыры, картоп күйесі, шығыстың жеміс жемірі, картоптың алтын түстес жұмыр кұрты, арамсояу сияқты карантидік объектілер анықталып, оның ішінде осыған дейін ЕАЭО аумағында тіркелмеген азиялық жеміс шыбыны (дрозофила) және шығыстың ұнтақты сымыры сияқты карантиндік объектілер анықталып отыр.
Одан басқа, ЕАЭО фитосанитариялық талаптарының бұзылуының 180 фактісі тіркелді.

2017 жылдың 10 қазанынан бүгінге дейін ЕАЭО-нің ветеринария саласындағы 32 заң бұзу фактісі анықталған. Өсімдік өнімдерін өндірудің 59,124 тоннасын және 95 бас жануарлар өнімдері тәркіленді (ірі қара мал – 35 бас, ұсақ мал – 58 бас, жылқы – 2 бас).
Өнімдердің заңсыз 19 фактісі (тауар шығарылған, өндірілген тауарларға қазақстандық кәсіпорындарда құқықтарды өндіріп алу, жануарлардың ветеринарлық құжаттары жоқ тауарлар. Ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің 12 фактісі тіркелген.
1 факт пропорция арқылы жөнелту пункті, транзиттік рұқсат етілген емес. Дәл осы фактілер келесідей шаралар қабылданады:
11 факт бойынша – 1 657 мың теңге сомаға айыппұл салынды.
8 факті бойынша – тауарды қайтару (5 тонналық ет өнімдері, 13,5 тонна балық өнімдері, 19,5 тонна., 900 тері, 58 ұсақ мал, 2 жылқы, ірі қара мал – 35 бас); 21 факті бойынша (395,976 кг) жоюға шешім қабылданып, оның 19 фактісі жойылды (203,276 кг), 2 факті бойынша комиссия жұмыс істеуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика