Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы арқылы ветеринарлық-санитарлық бақылауға жататын қырғыз тауарларының транзитіне рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы арқылы ветеринарлық-санитарлық бақылауға жататын қырғыз тауарларының транзитіне рұқсат беру туралы

Санкт-Петербург қаласында 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Евразиялық экономикалық Комиссиясының Жоғары Кеңесінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес мемлекеттік шекараның қазақстан-қырғыстан учаскесінде ветеринарлық-санитарлық бақылау сақталған.

Бұл ретте Қырғыз Республикасындағы күрделі эпизоотиялық ахуал ескеріле отырып тауар айналымын ұлғайту үшін теміржол көлігімен Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ветеринарлық бақылаудағы барлық бақылаулық қырғыз өнімдеріне (ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда) транзит қамтамасыз етілетін болады.

Бүгінгі таңда ЕАЭК мүше-елдердің құзырлы органдарының бірлескен инспекцияларының қорытындылары бойынша 15 қырғыздық кәсіпорындары ресей нарығына және 8 кәсіпорындар қазақстан нарығына (оңтүстік өңірлерге) тауар жеткізуге мүмкіндіктері бар, тек ветеринарлық бақылауға жататын белгілі тауарларды, мысалы термиялық өңдеуден өткізілген сүт өнімдері, дайын ет бұйымдары және балық өнімі.

Қырғыз кәсіпорындарының тізімін ұлғайту үшін олардың өнімдері ЕАЭК жеткізу үшін рұқсат етілетін болады, Министрлікпен кезекті бірлескен инспекциялар жүргізу бойынша ЕАЭК мүше-елдердің әріптестерімен жұмыстар жүргізілуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus