Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай зертханалық бақылау саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қытай зертханалық бақылау саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2017 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының өкілдерімен зертханалық бақылау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өткізілді.

Сапардың негізгі мақсаты – зертханалық бақылау саласында бірлесіп жұмыс істеу, атап айтқанда ү.ж. маусымның 7 – 8 күндері Астана қаласына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің келу барысында біздің Елбасы берген қазақстандық ветеринариялық зертханаларды аккредитациялау нәтижелерін тану жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында бірлескен шараларды әзірлеу.

Осылайша, тараптар екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындауына және азық-түлік өнімдерін зерттеу әдістері мен стандарттарын үйлестіруіне бағытталған бірлескен құжатты әзірлеу және қабылдау бойынша келісімге келді.

Сонымен бірге, тараптар зертханалық бақылау саласындағы тәжірибемен алмасу, ғылыми жетілдіру, тәуекелдер талдауын бағалау мәселер бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Бұл сапар қазақстандық өнімдердің қытай нарығына қол жеткізудің келесі маңызды қадамы болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved