Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КеАҚ) Директорлар кеңесінің кезектен тыс өткен отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың шешімімен Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, кеңестің жаңа құрамы сайланды.

Қайта сайланған директорлар кеңесі құрамының төрағасы болып Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов сайланды.

Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен тиімді технологияларды АӨК енгізу және жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ құрылып, оның басқаруына 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалы бар 23 ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжірибелік-өндірістік шаруашылық пен 4 сервистік компания берілген болатын.

Әлемнің дамыған мемлекеттеріне сәйкес Қазақстанның аграрлық ғылымның дамуында да «ғылым-білім-өндіріс» интеграциясы мен тығыз өзара әрекеттестігі байқалады. Қазіргі таңда өндірістің, білім мен ғылымның интеграциясын қамтамасыз ететін аграрлық ғылым жаңғыртылуда.

Сонымен қатар қаржыландырудың диверсификациясы мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесі (әрі қарай – ҒЗТКЖ) тақырыптарын қалыптастыру кезінде бюджеттен тыс бизнестің қаржыландыруын тарту және «ҰАҒБО» КеАҚ жер ресурстарын тиімді пайдалануын жоғарылату арқылы аграрлық ғылымды қаржыландырудың жаңа қағидасын енгізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық ғылымы жалпы көлемі 4,9 млрд. тг. құрайтын 200 астам грант пен 27 ғылыми-техникалық бағдарламаланы іске асыруда. Зерттеулердің бағыты ылғал сақтау, органикалық және егіншілік технологияларын, тауарлық балық шаруашылығын, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамытуға бағытталған.
Жыл сайын ғылыми зерттеулермен 6000 астам шаруашылық қамтылған, бұл тіркелген 218 мың АӨК субъектілерінің 2,75% құрайды.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ҒЗТКЖ коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылды. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемеден тұратын деректер базасы жасалған.
Бүгінде бәсекеге лайықты және ең қажетті деген 82 жобаның базасы жинақталған. Аталған әзірлемелер коммерциализацияға және таратуға дайын.

Айта кету керек, Министрлік ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылықғы тауарын өндірушілердің санын 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама: 2017 жылдың 1 қаңтары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4 163 адамды құрады, олардың ішінде 1 392 ғылыми қызметкер: 141 ғылым докторы, 369 ғылым кандидаты, 11 PhD докторы мен 289 магистр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика