Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы секторында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы секторында ынтымақтастықты нығайтуда

11

2017 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов қытайлық Grand China Business Management LTD., CO. және China SDIC International Trade Co., Ltd өкілдерімен кездестi.

22

Кездесу барысында тараптар Қазақстан экспорттайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту соның ішінде, көкөніс және зығыр майын экспорттау туралы келісімге қол жеткізді.
33

Кездесу барысында екі ел арасындағы инвестициялық портфельді кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытайлық әріптестер Қазақстандағы жобаны жүзеге асыру мәселесін қытайлық талаптар мен жеңілдіктерге сәйкес келетін майлар өндірісі үшін әзірлейді.

Сондай-ақ, өзара сауда және инвестиция көлемін ұлғайту мақсатында «ҚАЗАГРО» АҚ мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика