Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ынтымақтастықты нығайтады

2017 жылдың 26 қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Альджабероммен кездесті.

Қазақстан мен БАӘ көп жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс атқарып келе жатқанын айта кеткеніміз жөн.

Кездесу барысында Қазақстаннан БАӘ тасымалданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде қой еті экспорты көлемін арттыру талқыланды.

Вице-Премьер А. Мырзахметов Қазақстаннан БАӘ тасымалданатын ауыл шаруашылығы тауарының көлемін арттыру үшін нақты жоспар жасау керектігін атап өте отырып, Қазақстанға инвестор тарту мәселесін талқылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus