Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы Министрі – Шетелдік Ауыл шаруашылығы қызметі бойынша кеңесшісі Диана Аяламен кездесті.

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Біз үшін басты бағыт – тамақ өнімдерін дайын және жартылай дайын етіп шығаратын салалардың дамуы.

Қазақстан жағы өсіруден бастап терең өңдеу және өнімді саудалауға дейінгі толық циклды дұрыстау үшін америкалықтармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. Біз тарапымыздан олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасауға әзірміз.

Бізді сонымен қатар, аграрлық ғылым мен қажет технологиялар саласы да қызықтырады»,- атап өтті А.Мырзахметов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved