Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Иран еліне 4 млн тоннадан астам астық экспортқа шығарды

Қазақстан Иран еліне 4 млн тоннадан астам астық экспортқа шығарды

Иран мемлекеті қазақстандық астықтың дәстүрлі импорттаушысы болып табылады. Сауда-экономикалық және достастқ қарым-қатынасты ескере отырып, астық жөнелту бағытындағы Иран Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Екі ел арасында астық саудасы қарқынды дамып келеді.

2011 жылдан 2015 жыл аралығында Иран мемлекеті Қазақстаннан 4 млн тоннадан (2011 жылы – 401,3 мың тонна, 2012 жылы – 950,2 мың тонна, 2013 жылы – 757,6 мың тонна, 2014 жылы – 1 166,1 мың тонна, 2015 жылы – 758,3 мың тонна) астам астық сатып алды.

2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында Иранға 529,7 мың тонна дәнді дақылдар сатылды, оның ішінде астықтың мөлшері 222,1 мың тонна.

Бұдан басқа іс-шараларға тоқтай кетсек: ү.ж. 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Иранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасы және Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің арасында Өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы Келісімнің жобасына қол қойылды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus