Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанға сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлардың кезекті партиясы жеткізілді

Қазақстанға сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлардың кезекті партиясы жеткізілді

Ғалымдардың ойынша, адам күніне кем дегенде бір стақан сүт ішуге тиісті. Халықты сапалы да жаңа сауылған сүтпен қамтамасыз ету мақсатында, өткен жылдар ішінде елімізде өнеркәсіптік мақсаттарға арналған бірқатар ірі тауарлы-сүт фермалары іске қосылған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша «Тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағыты шеңберінде тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша 16 ірі шаруашылық қаржыландырылып, іске қосылған. 2007 – 2013 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы республикаға сүт бағытындағы 7 000 артық ІҚМ-дың іріктеліп алынған тұқымдары әкелінген. 2013 жылы 8,1 млрд. теңгеге тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша 7 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Іске қосылуы 2013 жылға жоспарланған тауарлы-сүт фермаларының біріне әуе көлігімен голштино-фриз тұқымының сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырларының бір партиясы жеткізілді. АҚШ-тан 191 бас жоғары өнімді мал Қостанай облысы Федоровский ауданының Лесное ауылындағы «Бек +» ЖШС тауарлы-сүт фермасына әкелінді. Бұл – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруашылықтың қарамағына жеткізілген сиырлардың алғашқы кезегі, таяу арада тағы да 425 мал АҚШ-тан теңіз қатынасы арқылы әкелінетін болады. Барлығы аталмыш жобаның шеңберінде лизингке 1200 бас асыл тұқымды сиыр табысталатын болады. Бұл тауарлы-сүт фермасының жоспарланған қуатқа жіберілуі жылына 8 400 тонна сүт өнімін алуға мүмкіндік беретін болады. Айтып кеткен жөн, «Бек +» ЖШС –тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша Қостанай облысындағы ең ірі жобалардың ішіндегі үшіншісі. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қолдауымен мұнда жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге «Садчиковское» ЖШС және «Сарыағаш» ЖШС тауарлы-сүт фермаларының жобалары ендігі іске қосылып та қойған. Ескеру үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған. Компанияның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. Қоғам «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді. http://kaf.kz/kz/press_center/news_detail.php?ID=342

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus