Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан 5,3 млн. тонна астықты экспортқа шығарды

Қазақстан 5,3 млн. тонна астықты экспортқа шығарды

Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда 5367,5 мың тонна астыққа шаққандағы ұнды және астықты экспортқа шығарды.

Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

Осылайша, 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 20 ақпанына дейін 3411,4 мың тонна астық, 1369,3 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы – 1956,1 мың тонна) экспортталды.

Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн. тонна астық және 2,1 млн. тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus