Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан 1 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа шығарды

Қазақстан 1 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа шығарды


Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда астыққа шаққандағы ұнды және 992, 7 мың тонна астықты экспортқа шығарды.

Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Осылайша, 1 шілдеден бастап 544,1 мың тонна астық, 314,0 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы – 448,6 мың тонна) экспортталды.

Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн. тонна астық және 2,1 млн. тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте Бірінші Вице –министр Қ.Айтуғанов 2016 жылдың болжамы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиыны 22 млн. тоннадан асады деп ақпарат берген болатын.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus