Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында Қырғызстан тұрғындарының жүгенсіздігінен аграршыларды қауіпсіздендіру үшін жаңа арна салынбақ

Жамбыл облысында Қырғызстан тұрғындарының жүгенсіздігінен аграршыларды қауіпсіздендіру үшін жаңа арна салынбақ

ТАРАЗ. 29 тамыз. ҚазАқпарат – Аймақта Жуалы ауданының аграршыларын Қырғызстанның Талас ауданындағы Қара-Бура тұрғындарының жүгенсіздігінен қорғау үшін жаңа арна салынады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Биылғы жазда қырғыз тарапының «Быстроток» арнасы арқылы суару үшін су жіберу жөніндегі уағдаластығы орындалмауынан Жуалы ауданының 1 700 гектар алқабы зардап шекті, деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. – Біз аумағымыз арқылы тауар транзиті мен келуін шектеуге дейін қатаң шаралар алуға да әзір едік. Бірақ та сабыр сақтап, парасаттылық таныттық».

Аймақ басшысының айтуынша, аудандық, облыстық деңгейде және екі елдің премьер-министрлері деңгейіндегі күрделі келіссөздердің нәтижесінде мәселе реттелді және су беру қалпына келтірілді.

Дегенмен, Қазақстан Үкіметі қырғыз учаскесін айналып өтетін «Быстроток» арнасын жаңарту және оны Жамбыл облысы аумағына дейін жеткізу жөнінде шешім қабылдады, деп атап өтті әкім.

Құрылыстың басталуы биылғы күзге белгіленіп отыр және 2014 жылы өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіне аяқталмақ. Суару саласы Көксай арнасын бойлай 27 шақырымға созылмақ. Су учаскесінің жобалық құны – 5,7 млрд.-қа тарта теңгені құрайды.

«Быстроток» (Көксай) арнасын жаңғырту жамбылдық шаруалардың суға тәуелсіздігіне қол жеткізіп қана қоймай, суармалы алқаптарды едәуір кеңейтуге де мүмкіндік береді. Жобалық көлемі 1800 текше мету су жинайтын Көксай арнасы 1963 жылы салынған болатын.

Еске сала кетейік, 7 шілдеде Қырғызстанның Талас облысының Қара-Бура ауданының тұрғындары қазақстандық-қырғыз шекарасындағы Жамбыл облысының Жуалы ауданына су келетін «Быстроток» арнасын бөгеп тастады. Он күн өткеннен кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің араласуымен трансшекаралық «Быстроток» арнасы арқылы суаратын суды беру қалпына келтірілді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus