Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ҚТЖ желтоқсанда 1 миллион тонна астық тасымалдады

ҚТЖ желтоқсанда 1 миллион тонна астық тасымалдады

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат – 2013 жылғы желтоқсанда 1004 мың тонна астық тасымалданды. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге жоғары көрсеткіш. Оның ішінде республика ішіндегі бағдарға 235 мың тонна тасымалданса, экспортқа 769 мың тонна шығарылды. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз мәліметіне қарағанда, Негізгі бағыттар Орта Азия (220 мың тонна), Кавказ елдері (103 мың тонна), Ресей және Қара теңіз бен Балтық теңізі (238мың тонна) бағдары сақталды. Иранға Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы (88 мың тонна), Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара арқылы 58 мың тонна астық жөнелтілді.

Қытай бағдарына 54 мың тонна, Ауғанстанға 8 мың тонна астық жіберілді. Ұн өнімдерін жөнелту 214,6 мың тонна құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 48 мың тоннаға (29%) артық. Оның ішінде экспортқа 164,8 мың тонна шығарылып, 77% құрады. Өзбекстанға 97 мың тонна, Ауғанстанға 29 мың тонна, Тәжікстанға 19 мың тонна, Түркіменстанға 9 мың тонна, Қырғызстанға 7 мың тонна ұн өнімдері жөнелтілді.

Өткен маркетингілік жылы (шілде – желтоқсан) 4,5 миллион тонна астық тиелді. Оның 3,1 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Аталмыш мерзімде 1,3 миллион тонна ұн тиелсе, оның бір миллион тоннасы сыртқа шығарылды.

http://www.inform.kz/kaz/article/2619015

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus