Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күрес мәселесін талқылады

Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күрес мәселесін талқылады

Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрліктерінің карантиндік қызметтерінің басшылары Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекарасында кездесіп, шегірткеге қарсы күресу аясындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында 4 млн. гектар алаңда шегірткелердің үйірлі түрлерінің таралуы болжамдалуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу іс-шаралары 2 млн. га алқапта өтпек. Осы ретте аумақтардың көбінде өңдеу жұмыстары өткізілген. Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу шаралары толығымен аяқталды.
“Шегірткелердің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулерді уақытылы жүргізу үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді. Қазақстанда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу іс-шараларын жүргізуге 18 ұшақ, 43 аса жеңіл авиацияның (АЖА) әуе кемелері, сондай-ақ 43 аэрозольдік генераторлар, 169 атомайзерлік бүріккіштер (УМО) және 25 жер үсті бүріккіштері қатыстырылды”, – делінген хабарламада.
Шегірткелердің көршілес аумақтарға өтіп кетуіне жол бермеу және өзара наразылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарға ерекше көңіл бөлуде. Ақтөбе облысының Орынбор облысымен ортақ шекарасының ұзындығы шамамен 800 км. Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ресеймен шекаралас Мәртөк, Қобда, Айтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарында шамамен 600 мың гектарда тексерулер жүргізді. Оның өңдеуге жатқызылған алаң 263,3 мың гектар.

http://www.kt.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus