Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «Партия маған не береді деп сұрама, партияға мен не бере аламын деп ойла…»

«Партия маған не береді деп сұрама, партияға мен не бере аламын деп ойла…»

«Нұр Отан» партиясының 2007 жылы сайлауға барған халықтық тұ­ғырнамасы мерзімінен бұрын орындалды. Қазақстан экономикасының көлемі 2 есеге ұлғайды. Қазақстан шетелдік инвестициялар бойынша ал­дыңғы қатарлы 20 елдің қатарына енді. Жұмыссыздық деңгейі 7-ден 5,4 пайызға төмендеді. Еліміз халықтың әл-ауқаты жағынан ғаламдық рейтингте әлемнің алғашқы 50 мемлеке­тінің қатарына енді. Біз әлемдік эко­номиканың бәсекеге қабілеттігі туралы Дүниежүзілік экономикалық фо­­румның ғаламдық есебінде 50-ші орынды алдық. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемнің ең тез өсіп келе жатқан экономикасының үштігіне енгізді.

Қазақстан ірі халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ны лайықты түрде басқарды. Ислам ынтымақтастығы ұйымында төрағалық міндетін тиімді орындады. Қазақстан ға­ламдық ядролық сынақтарға қарсы қоз­ғалыста көшбасшы ұстанымын елеулі түрде нығайтты. Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағы жұмыс істей бастады. Біздің еліміз ЕХРО – 2017 Дүниежүзілік көрмені өткізетін орын болып айқындалды. Бүгінгі күні, Қазақстанның «Қазақстан –2030» Стратегиясындағы мақсаттарды табысты жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар параметрлердің бірқатарын мерзімінен бұрын іске асырылғанын сенімді түрде ай­туға болады. Бұдан 16 жыл бұрын, 1997 жы­лы Мемлекет Басшысы өзінің «Қазақстан – 2030» тарихи Жолдауын жолдаған кезде көптеген мақсаттары мен міндеттері іске аспайды және де ол мәлімдеу түрінде ғана қалып қояды деп күмән білдірген күмән­шілдер аз болған жоқ.

Жақында Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның бірнеше аудандарының басшыларымен кездескенде, біз сол уақыттың оңай бол­мағанын еске түсірдік. Сол кездегі баға теңсіздігі, тапқан табыстарды төлемеу, бюджетте істейтіндер мен зейнеткерлерге еңбекақы мен зейнетақының орнына көмір, ағаш, сіріңке, аяқкиім және тағы басқа заттарды беру, электр энергиясын сөндіріп оты­ру сияқты уақытты бастан кешірдік. Тек еліне және халқына деген шексіз сүйіспен­шілік, сондай-ақ басқару мен реформа­лау­дағы үлкен шеберлік біздің Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевқа өзінің Жолдауында нақты және дұрыс мақсаттар қоюға, ха­лықты біріктіруге және тек аянбай еңбек етудің арқасында ғана мақсатқа қол жет­кізуге болатындығына сендіруге мүмкіндік берді деп есептеймін.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы еліміздің же­текші саяси күші ретінде, ең алдымен, әрбір аймақта, елді мекенде, кентте және ауылда қо­ғаммен жұмыс істейтін жергілікті бө­лімше­лердің тармақталған желісіне арқа сүйейді. Біздің бастауыш партия ұйымының партиялық өмірінен жекелеген мысалдар келтірейін. Өзіне 153 партия мүшесін бі­ріктірген біздің партиялық ұйым осындай қағидатты негізге ала отырып, нақты істері­мен және жетістіктерімен партияның жаңа саяси Доктринасын қолдауға ниетті. Жыл ба­сынан 14 адам партия қатарына қабылдан­ды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйе­сінде жұмыс істейтін партия мүшелері үшін «Facebook» әлеуметтік желісі базасында «Біздің партиялық агрофорум» атауымен арнайы диалогтық алаң ашты. Тек партия мүшелері ғана диалогтық алаңның қатысу­шылары бола алады. Аталған алаңда біз талқылаған бірінші тақырып ол – партия­ның жаңа саяси Доктринасының жобасы болды. Біз өзіміздің қызметіміздің негізгі бағыттарын жаңа саяси бағыт алдында қар­қынды және сенімді қозғалуы үшін стратегиялық қайта ойлауға дайынбыз.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы съе­зімен орайлас Мемлекет Басшысы Нұрсұл­тан На­зарбаевтың «А» корпусындағы мемлекет­тік қызметкерлерімен кездесуі де өтпек. Президент әрдайым ісіне адал әрі біздің бас­ты мақсаттарымызға қол жеткізуде ха­лықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақ­станның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жа­сақтау туралы нақты міндет қойып келеді. Кадрларды іріктеудің және жылжытудың басты өлшемдері белгіленді, олар – кәсі­билік, патриоттық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік және оларды жаңа жағ­дайларда шеше алу еркіндігі. Президент жариялаған меритократия қағидатының, атап айтқанда кәсіби баспалдақ бойынша әді­летті жылжытудың арқасында қара­пайым токарь мен мектеп мұғалімінің ұлы – мен 23 жылдық еңбек жолымда Солтүстік Қа­зақ­стан облысының совхоз бөлімшесінің агрономынан ҚР Президенті тағайындайтын министрліктің жауапты хатшысы лауазымына дейін көтерілдім. Тәуелсіздік жылдарында біздің елдің мемлекеттік қызметі реформалардың бірнеше кезеңінен өтті, қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасты. Оны іске асырудың негізгі индикаторлары ретінде мыналар айқындалды: бірінші – кадрларды конкурс­тық іріктеу жүйесіне халықтың сену дең­гейін арттыру; екінші – меритократия қа­ғидатының сақталатынына мемлекеттік қызметшілердің сену деңгейін арттыру; үшінші – мемлекеттік қызметтерді көрсе­тудің қолжетімділігі мен сапасына азамат­тардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру. Осы жұмыстардың біздің министрлікте тәжірибе жүзінде іске асырылуынан бір­неше мысалдар келтірейін. Министрлікте қызметкерлерді іріктеу басымды түрде конкурс арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, 2012 және 2013 жылдары жұмысқа қа­был­данған 541 қызметкердің 289-ы немесе 53,4%-ы конкурс негізінде қабылданды. Лауазымда жоғарылаудың нақты перспективасы жастар үшін мықты ынталандыру болып табылады. Сонымен, 2012 және 2013 жылдары жоғары тұрған лауазымдарға 464 қызметкер тағайындалса, олардың ішінде 398-і немесе 85,7% біздің министрлік қыз­меткерлерінің қатарынан тағайындалды. Бұл ретте, біздің министрліктің әрбір қыз­меткері қызметте өсу үшін екі шарт – жауап­кершілік және кәсібилік қажет екенін жақсы біледі.

Сонымен «Нұр Отан» партиясы жаңа көкжиектерге, жалпы құндылықтарға жол ашады және Отанымыздың тәуелсіздігін нығайту мен гүлдендіру үшін қазақстандық қоғамның Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы, Нұрсұлтан Назарбаевтың маңына бірігуіне және топтасуына мүмкіндік беріп отырғанын көріп отыр­мыз. Сондықтан мені және біздің бас­тауыш партия ұйымының көптеген мү­­ше­лерін шын мәнінде ұлы, тарихи іс­терге атсалысу сезімі қуанышқа бөлейді. Ол ұлы іс­терде біздің әрбіріміз өз таңдауын жасайды – бі­реулер сырттан бақылаушы ретінде қалады, ал біреулер «жеңін түріп», қатарға тұрады және жұмыстың бір бөлігін орын­дауға жауапкершілік алады. Жақында өткен партиялық кеңесте біз жас жігітті партия қатарына қабылдадық. Партияға кіру себебі туралы қойған сұраққа ол Джон Кеннедидің әйгілі сөзін түрлендіре отырып, жауап берді: «.. партия не береді деп сұрама, пар­тияға мен не бере аламын деп сұра..». Өзіне 154 партия мүшесін біріктірген біздің партиялық ұйым осындай қағидатты негізге ала отырып, нақты істерімен және жетістік­терімен партияның жаңа саяси Доктринасын қолдауға ниетті.

Арман ЕВНИЕВ,
XV съезд делегаты, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «ҚР АШМ Ғимараттар мен көлікке қызмет көрсету жөніндегі дирекция» ЖШС Бастауыш партия ұйымының төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus