Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Отандық өнімнің бағасы қымбаттамайды

Отандық өнімнің бағасы қымбаттамайды



Еліміздегі ауылшаруашылығы өнімдері мен отандық тауарлар бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңейтілген отырысында шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшылары мәлімдеді. «Родина» ЖШС-нің директоры Иван Сауэр: «Импортталатын тауар құны өскенімен, отандық өнім бағасы қымбаттамайды. Керісінше олардың бәсекеге қабілеттілігі артады»,- деген ойда. Мәселен, елімізде тұтынылатын құрғақ сүт өнімдері негізінен Беларусь елінен импортталатын. Олардың бағасы жергілікті табиғи сүттен төмен болғандықтан, тасымалданатын өнімге сұраныс жоғары еді. Енді баға теңесетіндіктен, халық табиғи өнімге басымдық береді деп есептейді агрофирма басшысы. Бұл – бір ғана мысал. Сала мамандары доллар бағамының көтерілуі ішкі нарық үшін тиімді екенін айтуда. Иван Сауэр, «Родина» ЖШС директоры: – Біз ет, сүт өнімдерін өндіреміз. Ешқандай тауардың бағасы көтерілмейді. Елдегі инфляция біздің баға саясатымызға әсер етпейді. Жалпы, тауар өндірушілер үшін ешқандай мәселе туындамауы қажет. Ромин Мәдинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Девальвация біздің ел үшін тиімді болмақ. Себебі, еліміз астық экспорты бойынша әлемде бірінші орында.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика