Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Отандық өнім бағасы қымбаттамайды

Отандық өнім бағасы қымбаттамайды

Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдері мен отандық тауарлар бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңейтілген отырысында шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшылары мәлім етті. «Родина»ЖШС директоры Иван Сауэр: «Импортталатын тауар құны өскенімен, отандық өнім бағасы қымбаттамайды. Керісінше, олардың бәсекеге қабілеттілігі артады», – деген ойда. «Мәселен, елімізде тұтынылатын құрғақ сүт өнімдері негізінен Беларусь елінен импортталатын. Олардың бағасы жергілікті табиғи сүттен төмен болғандықтан, тасымалданатын өнімге сұраныс жоғары еді. Енді баға теңесетіндіктен, халық табиғи өнімге басымдық береді», – деп есептейді агрофирма басшысы. «Бұл бір ғана мысал. Жалпы доллар бағамының көтерілуі ішкі нарық үшін тиімді»,-дейді сала мамандары.

Иван Сауэр, «Родина» ЖШС директоры:
-Біз ет, сүт өнімдерін өндіреміз. Ешқандай тауардың бағасы көтерілмейді. Елдегі инфляция біздің баға саясатымызға әсер етпейді. Жалпы тауар өндірушілер үшін ешқандай мәселе туындамауы қажет.

Ромин Мәдинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Девольвация біздің ел үшін тиімді болмақ. Себебі еліміз астық экспорты бойынша әлемде бірінші орында.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus