Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Ордабасы Құс» ЖШС Ресейге 74 тонна мөлшерінде өз өнімін экспорттады

«Ордабасы Құс» ЖШС Ресейге 74 тонна мөлшерінде өз өнімін экспорттады

Күркетауық өсіру, сою және етін өңдеумен айналысатын «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасы Мәскеулік сауда компаниялардың бірімен жасаған келісім аясында көршілес Ресейге 74 тонна мөлшерінде өз өнімін экспорттады. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Ресейдің мәскеулік нарығына Қазақстаннан кезекті мал шаруашылығы өнімдері жөнелтілді. Осы уақыт аралығында «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасы Ресейге 74 тонна өнім экспорттаған. Жалпы алғанда, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі арқылы қаржыландырылған күркетауық құс фабрикасы көрші елге 3 500 тонна күркетауық етін экспорттады.

4 820 тонна таза ет өнімін беретін «Ордабасы Құс» ЖШС замануи құс фабрикасы 2011 жылдан бастап өндіру жұмысын ретке келтірген. Бұл кешен ОҚО Ордабасы ауданы Бадам ауылында орналасқан және республиканың агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістік негізде күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба болып табылады. Маңызды нысан «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылып іске қосылған. Жобаның жалпы құны қуаттылығын арттыруды қоса есептегенде 5,5 млрд.теңгені құрайды.

«ҚазАгроҚаржы» қолдауы арқасында құс фабрикасы бүгін өндірісті кеңейтуді көздеп отыр – қолданыстағы 15 құс қора-қопсы тағы 10 нысан салынбақшы, құс сою цехының өнімділігі жылына 10 тоннадан 20 тоннаға дейін өсіріледі, сонымен қатар күніне 5 тоннаға дейін етті терең қайта өндіру зауыты пайдалануға беріледі. Аталған барлық шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні құс кешенінде диеталық ет өнімдерінен бастап, қайта өңделген өнімдерге дейін өнімнің 55 түрі бар. Дегенмен, өндірісте өнім түрлерін 100 атауға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Құс фабрикасының ерекше мақтанышы – өзіндік ерекше дайындау әдісі бар күркетауық қазысы. Кәсіпорынды іске қосу арқылы 327 жұмыс орны құрылды, 10 жаңа құс қорасын іске қосу арқылы тағы 87 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Өндірілген еттің шамамен 30 пайызы Ресейге экспортталады.

 

http://bnews.kz/kk/news/post/172195/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus