Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қоймалардағы астықты бақылау күшейтіледі

Қоймалардағы астықты бақылау күшейтіледі


Еліміздің астықты қабылдау орындарында 320 мың тонна дақыл жетіспейді. Бұл туралы Ақмола облысы Ақкөл ауданында болған халық қалаулылары мәлім етті. Олар осындағы №1 астық қоймасында заңға қайшы әрекеттермен күресетін арнайы жүйенің қалай жұмыс істеп жатқанын өз көзімен көріп шықты. Дақылдың саны мен сапасын қадағалайтын электрондық жүйенің болашағы бар. Пилоттық жоба 2015 жылы толығымен іске қосылатын болады, дейді депутаттар.

Жоғалған астықтың есебін кімнен сұраймыз? Халық қалаулыларын мазалаған сұрақ бұл. Сол себепті келер жылдан бастап астық қабылдау кәсіпорындарында жаңа әдіс енгізіледі. Таразыға қабылдап алудан бастап, астықты кептіретін жерлерге дейін дәнді-дақыл жіті қадағаланатын болады.

Розақұл Халмурадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл жобаны «ҚазАгроМаркетинг» АҚ әзірлеп шығарды. Астық қабылдау пунктінде жұмыс істейді деп ойладық. Соның нәтижесін көреміз дедік. Алайда жоба әлі іс жүзінде енгізілмеген.

Иә, жобаны енгізбей жатып, нақты қорытынды шығару қиын. Не маман дайын емес, не техника сол электронды жүйеге лайықталмаған. Дегенмен, бұл заңға қайшы әрекеттерге тосқауыл қоятын таптырмас құрал деп сенеді халық қалаулылары. Жүйе тексеріледі, сыналады, содан кейін ғана заң жобасына енгізіледі өзгерістер. Әзірше жетпей қалған астық мәселесімен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Өткен жылы жер-ана берген ырысты ысырап ету фактілері естеріңізде шығар. Оған ауа райының қолайсыздығы, тозығы жеткен техника кері әсерін тигізді. Биылғы егін орағы жалпы аяқталғанымен республикада орылмаған алқаптар әлі де бар.

Алмабек Марсұлы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік ауылшараушылық инспекциясы комитеті төрағасы:
Біздің болжам бойынша ол – екі пайыз . Ұзаққа созылмай жиналады. Себебі, өздеріңіз көргендей, мына астық қабылдау пунктіне жүк машиналары астықпен келіп, әлі де тапсырылып жатыр. Сондықтан әлі де егін орағы қар түскенге дейін жалғасады деген үміттенеміз.

Жиған дәнді-дақылды төкпей-шашпай сақтау үшін электронды жүйеден басқа, егістік алқаптарға баратын жолдар да жақсы болуы керек. Біз барған жол шұрық-тесік. Ал элеваторға жеткенше бидай тиелген көліктерден төгілген астықтан қагша ысырап болғанын өзіңіз есептей беріңіз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus