Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай ашылды

Жылыжайдың ашылу рәсіміне ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.

«Аделя» шаруа қожалығы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы Индустрияландыру картасы аясында жылыжай аумағын 11 гектарға жеткізді. Жылыжайдың жалпы құны – 2, 6 миллиард теңгеге жуықтайды. 200 жаңа жұмыс орны құрылған жылыжайда жылына 8400 тонна қияр және қызанақ өсіру жоспарланған.

Жылыжайда франциялық RISHEL компаниясының заманауи жабдықтары орнатылған. Өндіріс желілері толық компьютерленген, жылыту, тамшылатып суару, перделеу сынды барлық үдерістер толығымен автоматтандырылған.

Асылжан Мамытбековтың айтуынша, заманауи аграрлық кешеннің іске қосылуы арқылы еліміздің экспорттық әлеуеті артып отыр.

«Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында агроөнеркәсіп кешені заманауи технологиялармен қамтылуда», − дейді министр.

Жылыжай кешені қыс мезгілінде көкөністер құнын төмендетіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға және де көршілес елдерден импорт көлемін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компания көкөністерді Ресейге экспорттауда.
Дилара РЫСДӘУЛЕТ, фото: ОҚО әкімдігі

http://bnews.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus