Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өңдейтін зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өңдейтін зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өңдейтін зауыт іске қосылды. «Ұзын-ата мақта» ЖШС-ы кәсіпорыны Қазақстанның Үдемелі индустриалды-инновацилық даму мемлекеттік бағдарламасына енген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Зауыттың құрылысы 2012 жылы Шардара ауданының Ұзын ата ауылында салына бастаған. Кәсіпорын жылына 40-45 мың тонна мақта өңдейді. Жобаның құны 900 млн теңге. Оның 700 миллионы «Бизнестік жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасымен «Еуразия банкінен» жеті жылға 14 пайызбен берілген несие қаржысы. Несиенің 7 пайыздық жарна мөлшерлемесі мемлекеттік бағдарламамен субсидияланады.

«Оңтүстік Қазақстан облысында Индустриаландыру картасымен құны 448 млрд теңге 150 жоба қолға алынған. Сол арқылы 19 мың жаңа жұмыс орыны ашылған. Биыл екінші жартыжылдықта құны 600 млрд теңге қосымша 104 жоба ұсынылды. 2010-2012 жылдары 58 жоба іске қосылып, 5 236 жұмыс орны ашылды. 2013 жылы 50 жаңа кәсіпорын ашу көзделіп отыр, онда 4569 адамға жұмыс беріледі. Қазіргі уақытта 598 адамды жұмыспен қамтитын сегіз жоба құрылуда. Биыл мақта өңдейтін зауытта Қазақстанның ҮИИДБ негізінде қызмет етуде», – дейді ОҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директор Нұржан Әлітаев.

«Біздің кәсіпорын тұтас өндіріс циклін табиғи газ негізінде жүргізетін еліміздің оңтүстігінде жалғыз зауыт. Ол өнімнің өзіндік құнының төмен болуына әсер етеді, – дейді «Ұзын-ата мақта» зауытының басшысы Бақытжан Тілеужанов. – Еліміздегі басқа мақта өңдейтін кәсіпорындар сұйық отынмен немесе шеттен тасымалданатын газбен жұмыс істейді. Зауытымызға әкелінген құрал-жабдықты реттеу үшін 5 мың тонна қоза өңделді. Одан алынған мақта Ресей, Қытай, Украинадағы трейдинг компанияларына жөнелтілді. Осы компания өкілдері біздің мақтамызға жақсы баға беріп отыр».

Зауытта 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Мақта терімі кезінде жұмыскерлер саны бір мыңа дейін жетеді.

Биылғы маусым кезінде зауыт 50 мың тонна мақта өңдеуді жоспарлап отыр. Ресей, Қытай, Еуропа елдерімен өнім жеткізу жөнінде келісім жасалған. ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өнімді шетелге экспорттауға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге уәде берген.
http://bnews.kz/ru/photonews/post/165937/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus