Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ОҚО-да ветеринариялық бекеттерге 172 жаңа көлік берілді

ОҚО-да ветеринариялық бекеттерге 172 жаңа көлік берілді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев аудан мен қалалардағы ветеринариялық мемлекеттік мекемелерге арнайы жабдықталған «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
1
2
3
4

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде етті мал бағытын өркендетіп, экспорттық әлеуетін арттыру бағытында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы міндеттерді орындауда ветеринария саласына да жүктеліп отырған міндеттер орасан», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аудан мен қалаларда ветеринариялық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар құрылып, оларда 1500 мал дәрігері мамандары жұмыс атқаруда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылдың №263 Қаулысына сәйкес бүгін облыстағы барлық ветеринариялық бекеттерге арнайы жабдықталған 172 «Нива» автокөлігі табысталды.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай бекеттердің барлығы малдәрігерлік қызметке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Таяу күндері «УАЗ» және «Санионк» автокөліктері қосымша берілетін болады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus