Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Өнім өндіруге қолайлы жерлерді ұтымды пайдаланудың сызбасы әзірленді

Өнім өндіруге қолайлы жерлерді ұтымды пайдаланудың сызбасы әзірленді

Еліміздің жетекші аграрлық ғалымдары мен өндіріс мамандары ауылшаруашылығына жерді оңтайлы пайдалануға арналған сызба ұсынып отыр. Картаны әзірлеу кезінде әр аймақтың табиғаттық-климаттық жағдайы, жауын-шашын деңгейі, топырақтың құнарлығы сынды факторлар ескерілген. Құжатқа қарап әр әкімшілікке өз аймағындағы өнімнің нақты түрлерін өндiру ұсынылады. Мысалы, сызба шеңберінде сүт өндірудің қай аймақтар үшін қолайлы екені белгіленген. Әр облыстың азық базасы да ескерілген. Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының көптеген аудандарында сүт шаруашылығы тиімді емес. Ал өсімдік шаруашылығын, мәселен, жүгеріні елдің оңтүстігінде, яғни Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының көптеген аудандарында өсіруге болады. Бұл құжатты енгізу үдерісі облыстардың даму бағдарламаларымен қарастырылып, 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс. Әзімхан Сатыбалдин, «КазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасы: – Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін уақытқа біз де жақындап қалдық. Бір жылдың көлемінде кіреміз деген үміттемін. Сауда ұйымында ең басты қойылатын талап– ауылшаруашылығына көрмек көрсету. Оның шегі бар, одан біз аса алмаймыз. Бөлінетін қаржы белгілі бір шекке жеткенде ғана тиімді пайдалануды қарастыратын боламыз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/9854-nim-ndiruge-olajly-zherlerdi-tymdy-pajdalanudy-syzbasy-zirlendi

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus