Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қолайлы аудандардың жүйесін жасады

Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қолайлы аудандардың жүйесін жасады

photo_5683

Ауыл шаруашылығы министрлігі “Агробизнес-2020” бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жерді тиімді пайдалануға қатысты аудандардың жүйесін жасады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Аталған жүйеге сәйкес еліміздің әкімшілік бөлінуіне байланысты шаруашылықтың реті белгіленіп отыр. Жоба аясында әрбір әкімшілік өнім өндірудің нақты жоспарын ұсынады. Мысалы, сүтті мал шаруашылығын Маңғыстау облысының шөбі тақыр аудандары, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандары ұсынбайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының аударында жоспарланған.

“Картаны әзірлеуге өндіріс мамандары қатысты. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді оңтайлы пайдалану мақсатында аймақтарды мамандандыру ұсынылды. Негізгі мақсат егіншілік пен мал шаруашылығына қолдау көрсету. Бұл бағытта елімізде кең ауқымда шаруалар жүріп жатыр. Оның ішінде субсидияны, кепілдік несие беруді, инфрақұрылымды дамытуды атауға болады. Бір жағынан мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың шектеулі екенін де айтуымыз керек. Біздің міндетіміз, қаражатты талан-таражға түсірмей мақсатты жұмсау”, – деді “Қазагроинновация” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әзімхан Сатыбалдин.

Өңірлік табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға аталмыш карта мүмкіндік береді. Бұл картада табиғаттық-климаттық, жауын-шашын деңгейі, топырақтың құнарлылығы, өсімдіктің өсу мерзімі, температуралық жиынтығы, жайылымдық жерлерді қолданудың мерзімдік ұзақтығы, жерлерді суландырудың жарамды су көздері сынды факторлар ескерілген.

“Бүгінгі таңда алдымызда еліміздің ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті ету мақсаты тұр. Осы орайда, субсидия, кепілдік несие беру, инфрақұрылымды дамыту сынды мемлекеттік бағдарламалар карта аясында рентабельділігі жоғары жобаларға бөлінетін болады. Ал ол жобалар әр аймақтар бойынша аталмыш схемада көрсетілген. Картаның мақсаты да сол – ауылшаруашылық салаларын тиімді орналастыру, аймақтарды өзіне сай кәсіптерге мамандандыру болып табылады”, – деді “Қазагроинновация” АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Аталған жүйені аймақтардың даму бағдарламаларына кіріктіріп, ол жоба 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс деп күтілуде.

Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministrlk-auyil-sharuashyilyigyi-onmdern-osruge-kolaylyi-audandardyin-juyesn-254441/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus