Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ет экспорты жеңілдей түсті

Ет экспорты жеңілдей түсті

Қазанның екісі күні БҚО-дағы бордақылау алаңынан Ресейдің мәскеулік нарығына қазақстандық еттің алғашқы партиясы – 20 тонна ірі қара мал еті жөнелтілді. Бұл – қазақстандық өндірісші мен ресейлік компания, сауда индустриясында жұмыс істейтін Москворецкий сауда үйі арасында жылдың соңына дейін 500 тонна ет жеткізу жөніндегі өткен аптада жасалған келісімшарттың бастауы.

Қазақстаннан етті экспорттаушы еліміздің батыс өңірінде орна­ласқан «Grown батыс» ЖШС-ның қазіргі заманғы бордақылау алаңы, дамыған инфрақұрылымы бар. Нысанда 8640 ірі қараны ұс­тайтын мал өсіру кешені, тоңазытқыш жабдықтары, ет комбинаты, астық сақтау қоймасымен құрама жем зауыты жұмыс істейді. Құны 3571,9 млн. теңгені құрайтын жоба «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы еншілес компания «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «жанданды». Айта кетерлігі, биылғы шілде айында «ҚазАгро» басшысы Дулат Айтжановтың ресейлік импортер өкілдерімен кездесуінде қазақ­стандық ет өндірушілердің Мәскеу сауда жүйе­леріне кірудің өзекті мәселелері талқыланған болатын. Кездесу барысында ресейліктер отандық еттің құнарлы сипаттары мен дәмдік қасиеттері арқасында Ресейдің мәскеулік нарығында премиум-класс өнімі ретінде жайғаса алатынын айтқан еді.
1315E
Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 4 мыңнан астам ірі қара мал бағылуда. Мал басы жоспарлы түрде көбейтілуде. «Grown батыс» ЖШС-ның директоры Евгений Алиев өз өнімдерінің сапасына сенімді, сондықтан оны кез келген нарыққа ұялмай шығуға әзір. Мәскеулік әріптеспен арадағы келісімшарттің шектеулі мерзімі жоқ, бірақ жеткізілуі тиіс еттің көлемі аз емес. Қойылатын талап та жоғары. Компания Орал, Атырау базарларынан бөлек Ресейдің орталық аймақтарына да ет жеткізеді. Биылғы көктемнен бері келісімшартқа сәйкес ресейлік логистикалық компаниясының бірімен Самара облысына 40 тоннаға жуық ет жөнелтілді.
Евгений Алиев ең басты кедергі ресейлік мал дәрігерлік бақылау дерекқорында Батыс Қазақстаннан әкелінетін ет өнімдерін кіргізуге шектеулердің салынуында болғанын айтады. Кеше ғана, ауыл шар­уашылық министрі Асылжан Мамытбеков Фэйсбук әлеуметтік парақшасында экспортқа байланысты басты мәселенің бірінің ше­шілгенін мәлімдеді, яғни аусыл ауруының тарау себебінен Ресейдің Батыс Қазақстан облысынан кіргізілетін ет өнімдеріне қойған шектеулерін алып тастағанын хабар етті. Бүгін аталған жаңалықты Ресей мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау қызметінің баспасөз хатшысы растады. «Басты түйін шешіліп, енді Ресейге ет шығару әлдеқайда жеңілдеді», – деді Евгений Алиев. Оның айтуынша, Мәскеуге жеткізілетін еттің бағасы 170 рубль болғанымен, кәсіпорын шығынсыз жұмыс істеуде. Әрине, баға көңілден шықпағанымен, еттің сапасына және өнім жекткізудің тұрақтылығына кірпияз мәскеуліктердің көзін жеткізіп алған маңызды. Үлкен істер осындай кішкентай қадамнан басталса керек.
– Қазақстанның ет экспорттау әлеуетін арттыру бағ­дарламасының жүзеге асырылуының бір көрінісі бұл. Қазақстан еті Ресейдің нарығына қадам басты. Кедендік кеңістік жағдайында біздің нарыққа Ресейден, Беларуссиядан арзан ет әкелінуде. Мәскеу нарығына сапалы ет ұсынатын «Grown батыс» компаниясынан өзге құрылым жоқ. Бүгінде қазақстандық еттің өзіндік құнын төмендетіп, сапасын арттыру және өзге нарықтарға шығу бағытында жұмыстанудамыз, – деді «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның БҚО-дағы өкілі Киікбай Айдаралиев.
«Grown батыс» ЖШС-ның директоры Евгений Алиев жыл соңына дейін Мәскеуге апта сайын 20 тонна ет өнімдері тоңазытылған және боршаланған түрде вакуумдық орамада жеткізілетінін айтты. Евгений Алиев өздері өндіріп отырған өнімнің сапасына кепілдік бере отырып, Кремльге премиум-класс ет өнімдерін жеткізуге дайын екендерін мәлімдеді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
Батыс Қазақстан облысы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus