Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде астықты жинауға ауа райы қиындық келтіруде

Елімізде астықты жинауға ауа райы қиындық келтіруде


Астық толық жиналмай қалған күнде, ол жағдай нан бағасына әсер етпейді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осындай пікірімен бөлісті. Айтуынша, биылғы астық орағы дихандар үшін оңайға түсіп жатқан жоқ. Солтүстік өңірлерде бидайдың тек 75-80 пайызы жиналған. Жиын-терімді аяқтауға жауын-шашын кедергі келтіруде.

Шаруа қожалықтары су болған астықты кептіріп, тазалаумен шаш етектен шығынға батып жатыр. Сондықтан Үкімет қосымша 50 мың тонна жанармай бөліп, жеңілдетілген бағамен беріп жатқан көрінеді. Ал астығы бүлініп, жинай алмай қалған дихандарға өтемақы беру мәселесі әзірге қаралмаған сыңайлы. Министр шаруаларға «астығын сақтандырсын» деп кеңес берді. Болжам бойынша, биыл 17 млн тонна астық жиналуы тиіс. Министр Мамытбеков «бидай аз жинала ма» деп алаңдауға негіз жоқтығын айтады.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Ондай қауіп жоқ, барлық астық толық жиналады. Оған күмән жоқ, ауа райына байланысты бұл орақ күрделі болып жатыр. Бүгінде әр облыста әр түрлі, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында 80 пайыздан артық. Қостанай облысында 70 пайызға жуық.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus