Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Елімізде 30-ға жуық агрокәсіпорынға арзандатылған несие беріледі

Елімізде 30-ға жуық агрокәсіпорынға арзандатылған несие беріледі


АСТАНА. 14 мамыр. Мемлекет есебінен несиелерді арзандатуға байланысты 28 агрокәсіпорынның өтінімі мақұлданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Басқосуда комиссия бірқатар қаржы институттары ұсынған 31 өтінімді қарастырды. Бұлардың арасында «ҚазАгро» холдингі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер бар.

Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 61,9 млрд теңгені құрады. Комиссия отырысының нәтижесінде 28 өтінім мақұлданды. Олардың ортақ қарызы 56,7 млрд. теңгеге жеткен. Ал, «ҚазАгро» тарапынан бөлінетін қаражы 56,1 млрд. теңгені құрайтын көрінеді.

Жиында белгілі болғандай, қарыз алушылар негізінен Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кәсіпорындары.

2013 жылы қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылыпты.

Жолдыбай Базар.

Дереккөз: primeminister.kz.

Фото: altaynews.kz.

http://egemen.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus