Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ЕЭО отандық өнімнің үлкен нарыққа шығуына мүмкіндік ашады

ЕЭО отандық өнімнің үлкен нарыққа шығуына мүмкіндік ашады

Еуразиялық экономикалық одақ отандық өнімнің үлкен нарыққа шығуына мүмкіндік ашады. Сондықтан, Алматы облысындағы ірі кәсіпорындар инновациялық-технологияларды енгізіп, өндірістік-қарқындарын екі-үш есеге арттырды. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы көкөніс өңдейтін зауыт. Үдемелі индустриалды инновациялық бағдарлама бойынша салынған зауыт Ресейге қызанақ томаты мен алма шырынын үздіксіз экспорттап келеді.

Биыл 400 гектар жерге қызанақ егілді. Жас өскіндердің бәрі итальяндық. Сондықтан, сол елдің технологиясы қолданылды. Ал, егістік тамшылатып суарылады. Қызанақтың тез бой көтеруі үшін де ерекше әдіс қолданылады. Жас көшетті топыраққа отырғызбас бұрын түрлі минералдарға байытып алады. Жылыжайларда тамырланған жас өскіндер көтерілген соң, алқапқа егіледі.

Петр Мельничук, Агроном:
– Вермикулит деген нәрсе жас көшеттің тез өсуі мен қорек алмасуына және оның тез түзілуіне көмектеседі. Бұл технология қызанақтың тез өсуіне және өнімділіктің жоғары болуына әсер етеді. Жас көшет жылдам сабақтанса, оның шығыны да аз болады.

Жаңа технологияның арқасында өнімнің көлемі бес есеге артқан. Мәселен, былтыр бір гектардан 80 центер қызанақ жиналған. Ал, соңғы төрт жылда жиналған өнім 100 пайыз зауыттың өзінде өңделеді. Кәсіпорынның тәулігіне 1 мың тоонна көкөністің көп түрін өңдейтін қуаты бар. Өнімнің тең жартысы Ресейге экспортталады. Енді экономикалық интеграциялық елдерге тек алма шырыны мен қызанақ томатын емес, басқа да өңделген көкөніс сусындарын жіберуге дайын.

Бақыт Болысбаев, Зауыттың атқарушы директоры:
– Бүгінде бізге кедендік одақ елдердің нарғына шығуға оңай. Қазақстаннан тауарлар тасымалдаудың барлық жолы ашылды. Сондықтан, біз қазір Ресей мен Беларусьқа жөнелтетін өнімдеріміздің түрі мен көлемін көбейтіп жатырмыз.

Сұранысқа сай ұсыныс. Сондықтан, кәсіпорын да ауқымын кеңейтіп келеді. Биыл тағы бір өндірістік жүйені іске қоспақ. Нәтижесінде, өнімнің көлемі мен түрі көбеймек.

Зухра Қалиахмет, Технолог:
– Зауыттың құрамында жаңа цех салынып жатыр. Онда темір қалбырларда қызанақ-томаты шығарылады. Онда 850, 400, 250 грамдық қалбырлар болады. Оны қосқан кезде Италиядан мамандар келмек.

Жалпы Еңбекшіқазақ ауданында төрт ірі кәсіпорын бар. Өнімдерін ішкі нарықта ғана емес, интеграция бойынша шетке шығарудың пайдасы зор екенін түсінді. Сондықтан, өндірісті біртіндеп инновациялық жолға қойып жатыр.

www.khabar.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus