Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Биыл астық өнімділігі төменірек

Биыл астық өнімділігі төменірек


Биыл ел қамбасына орта есеппен 17 млн. тонна дәнді-дақыл түседі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді. Бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде астық жинау науқаны басталды. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 654,8 мың гектар егістік жиналған. Астық өнімділігі гектарына 11,6 центнерді құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9 центнерге кем. Ал ауылшаруашылығы дақылдарының алқабы биыл 21,8 млн гектарды алып жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 314,7 мың гектарға артық. Сақташ Хасенов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы: – Егістіктің жақсы күйі 49 пайыз, былтырғыға қарағанда бұл төмен, былтыр 64 пайыз болған. Қанағаттандырарлық фазасына қарағанда кішкене жоғары. Ал нашары 5 пайыз, былтыр 4 пайыз болған.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/19686-biyl

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика