Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне “Азық-түлік корпорациясы” астықтың сатып алу бағасын жариялады

“Азық-түлік корпорациясы” астықтың сатып алу бағасын жариялады


“Азық-түлік корпорациясы” астықты сатып алу бағасын жариялады. Биыл коммерциялық ресурстардың сатып алу мөлшері 1 миллион тоннаға межеленіп отыр. Бұл туралы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Сәбит Қашқымбаев мәлімдеді. Айтуынша, 3-сыныпты «Triticum aestivum» бидайы қосымша құн салығын төлеушілер үшін 35 мың теңге, төлемейтіндерге 33 950 теңге болмақ. Ал 2 сыныпты арпа құн салығын төлеушілерге 24 мың, төлемейтіндер үшін 23 280 теңгені құрамақ.

Қосымша құн салығын төлемейтіндерге ұсынылған баға салық төлеушілер ұсынған бағадан 3 пайызға төмен болмақ. Бұл шара қосымша құн салығын төлемейтін ұсақ шаруашылықтар мен қожалықтардың аталған салықты төлеушілермен бірдей баға орнатуын қамтамасыз етпек. “Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна астық жиналады. Оның 7-8 миллион тоннасы ішкі сұранысты қамтиды деген жоспар бар. Қалғанын экспортқа шығару көзделген”, – деді Сәбит Қашқымбаев.

Сәбит Қашқымбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры:

Осы өндірушілердің бидай өсіруге жұмсаған шығындарын ақтау керек, екінші жағынан, біздің экспортқа шығаратын бидайдың бағасы бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Жаңағы ішкі нарықтағы бидайдың бағасы күрт түсіп кетуіне жол бермеу. Соған қарағанда, біз осы бидайдың бағасын белгілеп, соны жариялап отырмыз.

Жұрағат БАМАН

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus