Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «ҚазАгроИнновация» АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

«ҚазАгроИнновация» АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева 2013 жылы 5 мамырда «ҚазАгроИнновация» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын – Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлын таныстырды. Осыған дейін Әзімхан Әбілқайырұлы ҚАИ АҚ Басқарма Төрағасы міндетін уақытша атқарушысының орынбасары болған.
Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмамдаған. Мамандығы – экономист-ұйымдастырушы.
1983 жылы еңбек жолын Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі болудан бастаған; Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтында кіші және аға ғылыми қызметкер, Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Бас ғылыми хатшысы, Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің Бас директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры, Аграрлық ғылымдар бойынша Ғылым академиясының вице-президенті, ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының вице-президенті, ТҚХК түрік тілді елдердің интеграциялық байланысын зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған.

2007 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысындағы аумақтық басқарма бастығы -Тәртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

http://inform.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus