Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда астық өнімі бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн тоннаны құрайды

Қазақстанда астық өнімі бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн тоннаны құрайды

««Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес ү.ж. дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды», – деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында – 139, Қостанай облысында – 135 және Солтүстік Қазақстан облысында – 154. Астықы қабылдауға 491 дән кептіргіш (97%) дайын, соның ішінде Ақмола облысында – 139 (100%), Қостанай облысында – 126 (93%), Солтүстік Қазақстан облысында – 154 (100%).
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны жүруде.
Мадина Нұрбекова

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика