Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарлар бағасы қымбаттамайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарлар бағасы қымбаттамайды

Еліміздегі ауылшаруашылығы өнімдері мен отандық тауарлар бағасы қымбаттамайды.
Бұл туралы бүгін “Қазақстан фермерлер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңейтілген отырысында шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

“Родина” ЖШС-нің директоры Иван Сауэр импортталатын тауар құны өскенімен, отандық өнім бағасы қымбаттамайды деген ойда. Оның пікірінше, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артады.

Мәселен, елімізде тұтынылатын құрғақ сүт өнімдері негізінен Беларусь елінен импортталатын. Олардың бағасы жергілікті табиғи сүттен төмен болғандықтан, тасымалданатын өнімге сұраныс жоғары еді. Енді баға

Сала мамандары доллар бағамының көтерілуі ішкі нарық үшін тиімді екенін айтуда.

“Біз ет, сүт өнімдерін өндіреміз. Ешқандай тауардың бағасы көтерілмейді. Елдегі инфляция біздің баға саясатымызға әсер етпейді. Жалпы, тауар өндірушілер үшін ешқандай мәселе туындамауы қажет”, – деді “Родина” ЖШС-нің директоры.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus