Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда астықтың 18,4 % жиналды – ҚазАгро

Қазақстанда астықтың 18,4 % жиналды – ҚазАгро

Қазақстанда 2898,8 мың гектар жерде немесе барлық аумақтың 18,4 % астық жиналды, деп хабарлады primeminister.kz сайты «ҚазАгро» мемлекеттік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметіне сәйкес, орташа астық түсімі гектардан 12,2 центнерді құрады. 

Холдинг хабарламасында айтылғандай, астық жинау науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» 17 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Аталған соманың 13 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен қарастырылады. 3,9 млрд-қа жуығы тікелей несиелендіру және Несиелік серіктестері жүйесі арқылы қаржыландыруға бағытталған Аграрлық несие корпорациясының қаржысы.

Бұдан өзге, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасы аясында, сонымен қатар оңтүстік аймақтың мақташыларын қолдауға 500 млн теңге бөледі.

http://bnews.kz/kk/news/post/157273/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus