Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарға салықтық ауыртпашылық азаяды

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарға салықтық ауыртпашылық азаяды

Бұдан былай Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарға салықтық ауыртпашылық азаяды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ауыл шаруашылық ведомствосының басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, Үкімет салық салу заңнамасына Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған ұсыныстарды қолдады. Мысалы, енді саладағы шикізат дайындаушы кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Бүгінде еліміздегі малдың 70 пайызы жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Шаруа қожалықтары қосымша салық құнын төлемейді. Ал, өнім өңдеуші кәсіпорындар олардан шикізат сатып алған кезде қосымша салық құнын барлық ақша айналымынан төлеуге мәжбүр. Бұл қосымша ауыртпаушылық туғызады және шығарылатын өнім бәсекелестігін төмендетеді. Енді бұл мәселе шешіледі, біз шикізат дайындайтын кәсіпорындарға арнайы қаржылык көмек көрсетуді жөн көрдік.

www.khabar.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus