Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауыл шаруашылығы министрі бастаған ақпараттық-насихат тобы Оңтүстік жұртшылығымен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі бастаған ақпараттық-насихат тобы Оңтүстік жұртшылығымен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков бастаған республикалық ақпараттық топ келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге келген топ құрамында ҚР Мәжіліспен Сенат депутаттары және мемлекеттік органдардың басшылары бар. Сапар барысында республикалық ақпараттық топ мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетінде болып, облыс активімен кездесті. Онда ол жолдаудағы негізгі міндеттерді түсіндіріп, өзі басқарып отырған салаға жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін айтты. Сондай-ақ, астықты артығымен жинап, күзгі егістікті дер кезінде аяқтаған ауыл шаруашылығы саласының алдағы жоспарларымен таныстырды. Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков аагроөнеркәсіп кешені саласы алдында үлкен міндеттер тұрғандығын айтып, бірге жұмылып жұмыс жасауға шақырды. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуды атай отырып, басталған бағдарды жалғастырудың қажеттілігін атап көрсетті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков облыс әкімшілігінде жеке азаматтарды қабылдады.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі
http://www.ontustik.gov.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus