Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауылдағы шағын бизнес дамуда

Ауылдағы шағын бизнес дамуда

Астана, “АШҚҚҚ” АҚ баспасөз қызметі – «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Кәсіпкер» несие бағдарламасын жүзеге асыруда. Несиелер ауылды жерлерде жүзеге асырылатын бизнестің барлық түрлеріне беріледі.

Қор «Кәсіпкер» бағдарламасын 2013 жылы әзірлеп, іске қосқан. Несиелер ауылды жерлерде кәсіпкерлік қызметтерді атқаратын заңды және жеке тұлғаларға беріледі. Бизнестің түрлері шектелмейді – ауыл шаруашылықпен қатар ауыл шаруашылық емес қызметтер де қаржыландырылады. Қарыздың сомасы – 1 млн. теңгеден бастап, айлық есептік көрсеткіштің 8 000 көлеміне дейін. Жылдық сыйақы үстемесі – 14%, тиімді жылдық сыйақы үстеме – 16,4% аспайды. Несиелендіру мерзімі – 5 жылға дейін, айналымдағы капиталды көбейтуге – 2 жылға дейін. Негізгі борыш пен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген мерзім қарастырылған – 6 айға дейін.

Ермек Шәймерденов – Жамбыл облысындағы Талас ауданының тұрғыны. Жеке кәсіпкер ретінде инженерлік-монтаждық, дәнекерлеу, кабель өткізу жұмыстарын ұйымдастыруымен айналысады. Өткен жылы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылдағы кәсіпкерлікке несиелерді беретінін естіп, Жамбыл филиалына өтінім тапсырды. Қажетті құжаттар мен қысқаша бизнес-жоспардың негізінде өз бизнесін дамыту үшін құрал-жабдықтарды сатып алуға 5 миллион теңгені несиеге алды. Енді Ермектің қолдануында – дәнекерлік аппарат, монтаж үшін оптикалық кабельдің қажетті көлемі және тұрғындарды кабельдік теледидарға қосу үшін барлық қажетті материалдар бар.

Дәнекүл Манамбаева – Маңғыстау облысының тұрғыны. 1983 жылы, Ж.Жабаев атындағы техникумды тәмамдап, Жамбыл облысынан осындағы Куйбышев совхозына жолдама арқылы жұмысқа келген. Осы жерден жас бухгалтер өз бақытын тауып, отбасы құрды

2005 жылдан бастап, Дәнекүл жеке бизнеспен айналысуда. Орталықтан ғимарат сатып алып, азық-түлік дүкені мен шағын кафе ашты. Одан кейін ғимаратына екінші қабат қосып, ісін кеңейтті.

Өткен жылы Дәнекүл Манамбаева «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ клиенті болды. «Кәсіпкер» бағдарламасымен 6 млн. теңгені несиеге алып, тойханаға жөндеу жұмыстарын жасап, жаңа жиһаз бен қажетті құрал жабдықтарды сатып алды. Енді қарамағында 11 адам жұмыс істейді және ауыл тұрғындары отбасылық мерекелерін кең және жаңартылған залда өткізуді мүмкіндік алды.

Жалпы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өз қаражатынан жүзеге асырып жатқан «Кәсіпкер» бағдарламасының басталғалы бері, 1 млрд. 384 млн. теңгеге 309 жобаны қаржыландырылды.

Анықтама:
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі
Тел. 8 /7172/ 678 250 (Әлия Еңсебаева)
www.fad.kz, e-mail: pressa@fagri.kz

http://www.fad.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus