Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Астық жинау аяқталып келеді

Астық жинау аяқталып келеді

Биыл ауа райының қолайсыздығы астық жинау науқанына біршама кедергі келтірді. Күздің бірінші айының ортасынан күні бүгінге дейін жауын-шашынның толассыз жауып тұруы салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа өнімін жинау қиынға соқты. Соған қарамастан егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі ақпарат бойынша егін жинау көлемі 15 млн. гектардан 13 млн.-ға жақын жиналған, ол 87,5%-ды құрайды.

Бұл туралы Орталық коммуни­кациялар қызметінде өткен бри­фингте АШМ Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов хабарлады. Оның айтуын­ша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау аяқталған. Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналса, гектарына 10,4 центнерден 3,3 млн. тонна астық бастырылған. Егін жинау жұмыстары Аман­гелді, Әулиекөл, Жангелдин, Жіті­қара, Қамысты, Науырзым аудандарында және Арқалықта аяқталыпты. Ақмола облысында 3,8 млн. гектар (93,6%) жиналды, гектарына 12,0 центнерден 4,6 млн. тонна астық бастырылды. Бұл ретте Атбасар, Ерейментау, Есіл, Жарқайың аудандары егін жинауды аяқтапты. Үстіміздегі жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 млн. гек­тардан астам астық жиналып, гектарына 12,3 центнер орташа өнімділікпен 16,2 млн. тонна астық бастырылған.

Тап мұндай қолайсыздық 1987 жылы орын алған болатын. Кедергі келтіріп отырған, біріншіден, ауа райы десек, екіншіден, техни­каның жетіспеушілігі, деп атап өткен Сақташ Хасенов бұл орайда техникалардың ескіріп тұр­ған­ды­ғын қоса айтты. Қазір­гі кезде 5 млн. тонна астық элеваторда тұрған болса, оның 4,2%-ы бидай, 80%-ы бидайдың үшінші сыныбына жатса, қалғаны төртінші сыныпты бидай екен.

– Сонымен қатар, сатып алу баға­сын ұлғайту мәселесі қарас­тырылуда. Егер өткен жылы астық­тың бастапқы бағасы 28 мың теңге болған болса, биыл ол 42 мың теңгені құрап отыр. 30 мың теңге көлеміндегі бидайдың төртінші және бесінші сыныбын сатып алу алға қойылды. Әртараптандыру бағдарламасы бойынша бидайдың көлемі төмендеді және керісінше, май және жемшөп дақылдары көбейіп жатыр, – деді комитет төрағасы.

Эльмира МӘТІБАЕВА

http://egemen.kz/?p=41316

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus