Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер кезегін Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер кезегін Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат – 21-22 қыркүйекте Астанада қалалық әкімдік алдындағы орталық алаңда жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жалғасады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.
Осы аптада Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады. Жамбыл облысы 180 тоннадан астам, ал Оңтүстік Қазақстан облысы 300 тоннадан артық ауыл шаруашылық өнімін әкеледі деп жоспарланған. Жәрмеңкеде аталған аймақтарда өндірілетін өнімдер ұсынылады: ет-балық, сүт, бал, көкөністер, жеміс-жидектер, ұн, жармалар және басқа да азық-түлік өнімдері. Жәрмеңке кезінде мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмділер ұсынылып, этно-ауыл құрылады.

Еске салайық, Қазақстанның өңірлерінен әкелінген өнімдер сатылатын осындай жәрмеңкелер дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі. Өнімдер Астана базарларында қалыптасқан орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінен басқа халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдары ұсынылады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus