Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар АШМ: АӨК саласында ҚҚС төлемі бюджеттен субсидия түрінде бөлінеді

АШМ: АӨК саласында ҚҚС төлемі бюджеттен субсидия түрінде бөлінеді

Агроөндірістік кешен саласында ҚҚС төлемі бюджеттен субсидия түрінде бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда 70 пайыз мал жеке меншік қарауда, сондай-ақ шаруа қожалықтарының иелері ҚҚС салығын төлемейді. Осы кәсіпкерлерден шикізат сатып алу барысында өңдеуші кәсіпорындар өз айналымынан төлейтін еді. Ол қосымша қысым түсіретіні анық, қазақстандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін түсіреді. Көптеген бағыттарды қарастырып біз ҚҚС жеңілдігін ұсынудың орнына, ҚҚС төлемейтіндерден сатып алатын ұйымдардың салықтары субсидияланатын болады», – деді ол.

Министр атап өткендей, ведомство ҚҚС бойынша 70 пайыздық жеңілдік жасауды қарастырды.

«ҚҚС бойынша 70 пайыздық жеңілдіктің кеңеюі бар. Бүгінгі таңда Салық кодексінің 267 бабында өңдеуші кәсіпкерлерге 10 пайыздық жеңілдік көрсетілген. Заңға бірқатар толықтырулар енгізу қарастырылуда», – деді ол.

Айта кетерлігі, дайын өнімдердің бағасын азайтып, отандық компания өнімдерін көбейтеді.
http://strategy2050.kz/news/9959

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus