Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Алматы облысында шошқа өсіру кешені базасында селекциялық-гибридтік орталығының ашылу рәсімі болып өтті.

Алматы облысында шошқа өсіру кешені базасында селекциялық-гибридтік орталығының ашылу рәсімі болып өтті.

Алматы облысында шошқа етін өндіруге және 1800 бас мегежінге арналған селекциялық-гибридтік орталығы бар «Бекон» ЖШС асыл тұқымды шошқа өсіру зауытының кешені ашылды.
Шошқа өсіру кешені «I-TEK» француз фирмасының құрылғыларымен толықтай жабдықталған. Мұндағы шошқа басы Франциядан әкелінген 100 % жоғары өнімді асыл тұқымды малдар. Бұлар ірі ақ, ландрас және кантор тұқымының қабандары мен мегежіндері.
«Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдағы алты жыл ішінде тауарлы шаруашылықтардағы шошқа етінің үлестік салмағын 161 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
ҚР шошқа шаруашылығы саласы дамуының шебер-жоспарының перспективті даярламаларының бірі болып генетикалық селекциялық-гибридтік ғылыми-зерттеу орталығын (ГСГҒЗИО) құру болып табылады.
«Бекон» ЖШС асыл тұқымды шошқа өсіру зауытының кешенінде ГСГҒЗИО құру жақын арадағы перспективада отандық популяциялы шошқалардың селекциясындағы етті-майлы бағытын, етті бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді. «Аналық» және «әкелік» тұқымдардың асыл тұқымды базасын сапалы, жаңа селекциялық-технологиялық деңгейде қалыптастырады. Тауарлы өндірістін жедел пісіп-жетілгіш отандық селекциялы етті гибридтерге сұранысын қанағаттандырып және гибридизациянын республикалық жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus