Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары Алматы облысында екі ер адам сібір жарасы ауруы күдігімен аурханаға жатқызылды

Алматы облысында екі ер адам сібір жарасы ауруы күдігімен аурханаға жатқызылды

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясының мәліметінше 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Жандосов ауылының екі тұрғыны сібір жарасы ауруы күдігімен Қаскелең қ. Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Олардың 2014 жылы 14 қыркүйекте Үшқоңыр ауылдық округінің аумағындағы Үшқоңыр жайылымындағы Қасқасу учеасткесінде ірі қара малын союға қатысқандығы анықталды.
Эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру кезінде сойылған мал Қарасай ауданының тұрғынына тиесілі екендігі белгілі болды. Компьютерлік деректер базасына сай, жануарға сібір жарасына қарсы екпені 2014 жылы 29 мамырда ветеринарлық дәрігер қойған.
Мал иесінің айтуынша, малдың сою себебі аяғының сынғаны болатын. Сойылған мал еті көршілеріне таратылған.
Қарасай ауданының аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен малдың қалған еті алынды. Алынған материал сібір жарасын ҚР АШМ ВҚБК РМК Алматы қ. «Республикалық ветеринариялық зартхана» алып тастау үшін жолданды. Қазіргі таңда зертханалық зерттеу жалғасуда.
Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қазметі диагнозды нақтылау және індеттің өршіп кетуіне жол бермеуге бағытталған кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізуде, сонымен қатар сібір жарасына бейімді мал санын анықтауда.

Анықтама: Сібір жарасы (қауіпті карбункул, антракс) – ауылшаруашылық және жабайы аңдардың барлық түрлері, және де адамдардың ауруы. Ауру жіті түрде (қой және ірі қара мал), жіті және ангиозды (шошқада), карбункелезді түрде – адамда. Уланумен, терінің серозды-геморрагиялық, лимфа бездерінің және ішкі ағзалардың қабынуымен сипатталады, терілік немесе септикалық түрде өтеді (сонымен қатар малда ішектік және өкпелік түрде кездеседі).

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus