Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «АЛАТАУ ҚҰС» ДАМУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

«АЛАТАУ ҚҰС» ДАМУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

«ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландыратын «Алатау құс» ЖШС құс фабрикасы 18 000 тонна құс өндіру қуатына шықты.
Бұрын жұмыс істеп тұрған құс фабри­касын жаңғырту жобасын жүзеге асыруды «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ұлттық қордан бө­лінген қаржыдан 2 миллиард теңгеге қар­жыландырған болатын. Бұл – жалпы, жоба құнының, 80 пайызын құрайды. Соның нә­тижесінде, фабрикада жаңа өндірістік желі­лер енгізіліп, құс басы жаңартылған. Қол­даныстағы құс қоралары, инкубаторлар қай­та тұрғызылып, құс етін қайта өңдеу бойынша шұжық цехы іске қосылыпты. 2012 жылы толық жобалық қуатына шық­қан кәсіпорын қазіргі кезде жылына орта есеппен 18 000 тонна қоңды тауық етін өн­діреді. Фабрикада 862 адам жұмыс істейді.

Бұл жерде Қазақстанның ет нарығының көпшілік бөлігі – құны жағынан да, өткі­зі­летін өнім көлемі жағынан да – құс еті сек­торы екенін айта кеткен жөн. Атап айтсақ, дәл осы салада отандық өндірушілер мен сырттан өнім тасымалдаушылардың ара­сында өте өткір бәсекелестік орын алған еді. Алайда, қазақстандық құс етін өнді­ру­шілер соңғы бірнеше жыл ішінде төменгі старт­тан нарықтың 40 пайызын қайтарып алғанын айтуымыз керек. Бұл нәтижеге ет бағытындағы сегіз құс фабрикасын 18,4 миллиард теңгеге қаржыландырған ҚазАг­ро­Қаржының арқасында қол жетті. Олар­дың жиынтық жобалық қуаты – жылына 71,5 мың тонна. Бұл – етті құс шаруашы­лығының бүкіл республикалық қуатының жартысына пара-пар. Қостанайдағы «Ком­со­мольская птицефабрика» ЖШС, Өс­ке­мен құс фабрикасы, «Ордабасы Құс» және «Алатау Құс» сияқты еліміздің түрлі аймақ­тарындағы компаниялар әлдеқашан ҚАФ-тың қаржы алушылары болып алған.

– 2011 жылы біз ҚазАгроҚаржының көмегімен жылына 12000 тоннаға дейін құс етін өндіретін жоба жасадық. Осы мерзім ішінде қолданыстағы 100 құс қорасы жаң­ғыртылды. Құс етін қайта өңдейтін, қоңды құс өсіретін жабдықтар, автотехника сатып алынды. 2012 жылы-ақ біз осы қуаттылыққа шықтық. Оған ҚАФ 2,31 миллиард теңге инвестиция салды. Ал 2013-2014 жылдары, дамудың екінші кезеңінде ҚАФ арқылы айналыс қаражаты үшін қосымша тағы

1 мил­лиард, шұжық цехын жаңғырту үшін 280 миллион теңге алдық. Бұл цех айына 100 тонна шұжық өндіретін болады. Қазір­дің өзінде біз 15 тонна өнім өндіріп жа­тырмыз. Алдағы жылдың соңына қарай 100 тонналық межеге шығуды жоспарлап отырмыз. 2012 жылдан бері әр жылы өнім­ділікті 3 мың тоннаға арттыра отырып, кә­сіпорнымыз биыл 18000 тонна құс өндіру қуатына шықты. Қазір өнімдерімізді негі­зінен, Алматы, Астана қалалары мен Оң­түстік Қазақстан облысына жеткізіп жа­тырмыз. Шамамен, 100 тоннадай Ресейге экспорттаймыз. Жалпы, Қазақстанда жылы­­на 120 мың тонна құс еті өндіріледі. Ал сырттан тасымалдаушылар арқылы Украина, Ресей, АҚШ және өзге елдерден 240 мың тонна құс еті жеткізіледі. Осының өзі елімізде құс етін өндіру бағытында біраз түйткілдер барын көрсетсе керек, – дейді «Алатау-құс» ЖШС директоры Сергей Аюкаев.

Оның айтуынша, сапасыз болса да, бағасы арзан сырттан келетін өнімнің жа­нында отандық құс етін өткізуде көптеген қиындықтар бар. Негізінде, отандық өнім­нің сапасы жоғары әрі салмағы дұрыс. Бі­рақ біздің отандастарымыз әдетте өнімнің бағасына көбірек көңіл бөлетіндіктен, импорттық өнімдерді көбірек алатын көрі­неді. Ал іс жүзінде сырттан тоңазытылған күйде келетін құс еті жібіген соң бастапқы салмағының 30 пайызына дейін жоғалтады екен. Оның үстіне дайындалған мерзімі мен тасымалдауға кеткен уақытты есептесеңіз, бәрібір отандық өнімнің артықшылығын байқау қиын емес. Сондықтан тұтыну­шы­лар Қазақстанда өндірілген өнімге басым­дық беру арқылы өздерінің отаншылдық қасиеттерін көрсетіп, экономикаға да қол­дау білдіргені дұрыс.

Ерекше бөліп айтатын бір жайт, фаб­рикада бүкіл әлемде қолданылатын ең соң­ғы озық технологиялар пайдаланылады екен. Кәсіпорында алғашында 300-дей адам еңбек етсе, қазір олардың саны 860-тан асады. Орташа жалақы мөлшері де бұ­рынғы 65 мың теңгеден бүгінгі күні 105 мың теңгеге жеткен. Демек, мұндағы жұмыс­шы­лардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы да жа­ман емес деген сөз. Оның үстіне фабри­ка­ның әлі де өнімділікті 2000 тоннаға кө­бейтіп, жалпы, қуаттылықты 20000 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар екен. Бұл да көп нәрсені аңғартады.

– «ҚазАгроҚаржы» 14 жылдан аса уақыт­­­тан бері агроөндірістік салаға қар­жылық қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күн­ге дейін біз дәл осы құс етін өндіру ба­ғы­тында 8 жо­баны, жалпы ет және жұмыртқа өндіру бағытында жиынтық құны 71 мил­лиард теңге болатын 20 жобаны қаржы­лан­дыр­­дық. Алатау Құс-тың жобалық қуаты 2012 жылы 12000 тонна болса, бүгін 18000 тон­налық межеге қол жеткізіп, да­мудың екін­ші басқышына шығып отыр­ға­нын атап айтуым керек. Құс фабри­каларын қаржы­ландыру – ҚазАгроҚаржы үшін басым ба­ғыт болып саналады. Біз жаңа фабрикалар салумен бірге, жұмыс істеп тұрғандарын жаң­ғыртуды да қаржылан­дырамыз. Ком­пания көздейтін негізгі үш мақсат – бірін­-ші – импорт алмастыру, екінші – эспорт­қа бағдарланғандық, үшінші және ең бас­ты-сы – азық-түлік қауіп­сіздігі. Әрине, қол жеткен табыстармен шектеліп қалуға бол­майды. Біз аталған бағыттардағы жоба­ларды жүзеге асыруға инвесторлар тарту бағытында белсенді жұмыс атқарып жа­тырмыз, – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Талғат Ахметжанов.

Сонымен бірге «ҚазАгро» Ұлттық хол­дингіне кіретін компаниялар тобының ин­вестициялық қоржынында бүгінгі күні жал­­пы құны 298,6 миллиард теңгені құрай­тын 464 жоба бар. Оларды жүзеге асыру арқылы 14,7 мың жұмыс орны құрылады. Содан қазірге дейін 207,5 миллиард теңге болатын 348 жоба пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде, 11,5 мың жұмыс орны құрылып, 213 жоба 70 пайыз және одан жоғары жобалық қуаттылықтарына шық­қан. ҚазАгро сарапшыларының бағам­дау­ын­ша, холдингтің инвестициялық жоба­ла­рын толық жүзеге асыру – құс етін тұты­­-

ну­­дағы импорттың үлесін 21 пайызға, сүт пен сүт өнім­дерін тұтынудағы импорттың үлесін 6 пайызға, ал жеміс-көкөніс өнім­де­рін тұ­тынудағы импорттың үлесін 5 па­й­ыз­ға азайтуға мүмкіндік береді.

Демек, жақын бір-екі жылдың өзінде дәл осы өнімдерге байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі орташа 10 пайызға жақсарады деген сөз!

http://aikyn.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus