Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Агроөнеркәсіп кешенінің 170-ке жуық субъектісі қаржылай сауықтырудан өтеді

Агроөнеркәсіп кешенінің 170-ке жуық субъектісі қаржылай сауықтырудан өтеді

20140117161240
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша қаржы институттарынан өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.
Бұл ретте еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің 170-ке жуық субъектісі қаржылай сауықтырудан өтеді. Бұл туралы бүгін «ҚазАгро» холдингі өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды.

Тоқтала кететін жайт, қаржылай сауықтыру бағдарламасы – мемлекеттік қолдау шараларын қосқанда, арнайы техника мен жабдықтарды иеленуге алған несиелерін арзандатуға мүмкіндік береді. Бұл ретте қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылады және айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады.

Осыған орай, «Қазагромаркетинг» АҚ биыл Қаржылық сауықтыру комиссиясының 4 отырысын өткізіп, онда 169 агроөнеркәсіп кешені субъектісіне қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану туралы шешім қабылдады. Аталған субъектілер несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы сомасы 149,2 млрд. теңгені құрайды.

Еске салсақ, АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасы елімізде екінші жыл қатарынан іске асып келеді. Жалпы, былтырдан бері негізгі қарыз сомасы 167,6 млрд. теңгені құрайтын 217 агроөнеркәсіп кешені субъектісінің өтініштері қанағаттандырылған.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

http://inform.kz/kaz/article/2678775

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus