Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ақжайыққа Орынбордан 100 бас асыл тұқымды мал әкелінді

Ақжайыққа Орынбордан 100 бас асыл тұқымды мал әкелінді

ОРАЛ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат – Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округіндегі «Аманер» шаруа қожалығына көршілес Ресейдің Орынбор облысындағы Первомай ауданынан қазақтың ақбас сиырларының 100 бас қашары жеткізілді.

Шаруа қожалығының иесі Қанат Досқалиевтің сөзіне қарағанда, Фурманов атындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінен сатып алынған бұл түліктердің БҚО-дағы ақбас сиырлардан өзгешелігі, түстері күреңдеу, тұрпаты да ірірек.

Қожалық қонысында сиырларды жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды, арнайы техник-ұрықтандырушы бар. Қазір малдәрігерлік-санитарлық талаптарға сәйкес, мал карантинге қойылып, облыстық малдәрігерлік зертханасымен келісімшарт жасалып, мал кеселіне қарсы зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қ.Досқалиев аталған малды Ақжайық ауданында өткен жылы іске кіріскен «Ақжайықагро» несие серіктестігінен алған 30 млн. теңгеге сатып алды. Бұл несие серіктестігі соған дейін 7 шаруа қожалығына тірліктерін жандандыру үшін 16,6 млн. теңге қаржы беру мүмкіндігін тапты, оның бүгінде 23 құралтайшысы бар.

http://www.inform.kz/kaz/article/2619414

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus