Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ақмола облысында жаңа құрама жем зауыты ашылмақ

Ақмола облысында жаңа құрама жем зауыты ашылмақ

20140626094029
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қуаты сағатына 15 тонналық қазіргі заман AGRAVIS Raiffeisen AG құрама жем зауыты өндіріске іске қосылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ» баспасөз қызметі.
Зауыттың жобасы малды тамақтандырудағы концерннің көпжылдық тәжірибесі ескеріле отырып, AGRAVIS технологиясы бойынша жасалған, жетекші швейцар өндірушісі Bühler желісімен жабдықталған, оның монтажын «Bosche Systembau GMBH» фирмасы жүзеге асырған.

Зауыттың тұрғызылу мақсаты – AGRAVIS концернінің инновациялық технологияларын қолданып, ҚР аумағында сапасы жоғары толық рационды құрама жем өндіру.

Жобаның жалпы құны – 1 млрд. теңгеден артық, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрылымындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаты 634 млн. теңгеге жуық. Қаржыландыру талаптары – жылдық 6%. «Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құрама жем зауытына электр қуаты мен автомобиль жолы сияқты барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген.

«Agrо-Trading 2007» ЖШС құрама жем зауыты қазіргі заман технологияларының арқасында құрама жемдерге жануарлардың әрбір түрі – ірі қара малға, ұсақ қара малға, шошқалар мен құстарға арналған дәрумендерді, микро және макро элементтерін барынша көп мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді. Жемшөп өндірісінде бидай, арпа, күнбағыс күнжарасы, кебектер мен AGRAVIS қоспалары (арнаулы ақуызды-дәрумендік қоспалар) басым қолданылатын болады.

http://inform.kz/kaz/article/2672258

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus