Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында шөп шабу науқаны ырғақты жүріп жатыр

Ақмола облысында шөп шабу науқаны ырғақты жүріп жатыр

АСТАНА. 17 шiлде. ҚазАқпарат – Ақмола облысында шөп шабу науқаны қарқын алып келеді. Мамандардың болжауы бойынша биылғы бітік шыққан көпжылдық шөп пен табиғи шабындық бір жарым жылдық қор жинауға мүмкіншілік береді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Есіл ауданы Ақмола облысы бойынша шөп дайындаудан алдыңғы қатарда тұр. Табиғи және дақылдық шабындық алқабы 35 мың га құрайды. Бүгінгі күні ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 12 мың тонна шөп дайындап алған.

“Жыл сайын шөп шабудың алдыңғы қатарынан «Заречный» ЖШС көрінеді. Сонымен қатар шаруашылық көпжылдық дәнді және бұршақ тұқымдас шөп бойынша тұқымдармен барлық облыстағы ауыл шаруашылықтарын қамтамасыз етеді. Шаруашылық жем өндірісіне баса назар аударады. Ағымдағы жылы да 720 гектар көпжылдық, 570 гектар біржылдық шөбі себілді. Заманауи жоғары өндірісті техникалардың көмегімен шаруашылық осындай жоғары өнімділікке қол жеткізе алды. «Мак Дон» өздігінен жүретін орақтары арқылы – өнімділігі күніне 300 гектар, ал «Джон Дир» комбайны 150 гектарға дейін шөп жинайды. Тайланған шөпті дайындауда қолданылатын жаңа әдістер  «Орловка» ЖШС, «Агро-Олдиви» ЖШС, «Ново-Приречный» ЖШС, «Торғай СХС» ЖШС, «Қаракөл АФ» ЖШС, «Стимул» ШҚ, «Московский» ШҚ, «Ас-Мәди» ШҚ, «Елнұр» ШҚ сияқты басқа да шаруашылықтарға жинау науқаны уақытын қысқартуға мүмкіндік береді”, – делiнген әкiмдiк хабарламасында.

http://kazinform.kz/kaz/article/2574895

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus