Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында мал шаруашылығы саласындағыларға қомақты қаржылық қолдау бар

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласындағыларға қомақты қаржылық қолдау бар

Ірі қара өсіруші ақмолалықтар «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасымен 3 млн теңге несие ала алады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Егіндікөл ауданы тұрғындары Тілеуберлі Жылқайдаров пен Ғалия Рахымоваға қажетті құжаттарды жинауға жергілікті жұмыспен қамту мамандары көмектескен. Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бүгінде Ақмола облысының барлық өңірлерінде жүргізілуде.

«Атап айтар болсақ, Егіндікөл ауданының 9 ауылында тұрғындармен кездесу өткізілген. Бағдарлама талаптарымен танысуға ықылас білдірген тұрғындар арасында жаңа іс бастаған кәсіпкерлер, жұмыссыздар,  жастар және мектеп түлектері болған. Нәтижесінде бір бір азамат жастар тәжірибесін өтуге, сегіз адам кәсіби оқытуға бағытталған. Сонымен бірге үш шаруа қожылық иесі қолдағы кәсібін дамыту үшін несие алуды жоспарлап отыр», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

http://bnews.kz/kk/news/post/152702/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus