Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 50-ге жуық агрокәсіпорын қаржылық сауықтыру шарасынан өтеді

50-ге жуық агрокәсіпорын қаржылық сауықтыру шарасынан өтеді

«Қазагромаркетинг» АҚ Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы екінші отырысын ұйымдастырды. «Қазагромаркетинг» АҚ «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатымен олардың несие мен лизингісінің сыйақы мөлшерлемелерін арзандату мемлекеттік шарасының операторы болып табылады.

Отырыс барысында Комиссия бірқатар қаржы институттары, оның ішінде «ҚазАгро» холдингісі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер ұсынған 55 өтінімді қарап шықты.

Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 30,4 млрд. теңгені құрайды.

Қарыз алушылар 9 өңір мен 2 қаланың кәсіпорындары болып табылады: СҚО – 12, Ақмола облысы – 6, Қостанай облысы – 7, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 5, ШҚО – 9, БҚО – 1, Қарағанды облысы – 5, Павлодар облысы – 1, ОҚО – 2, Астана қаласы – 1 және Алматы қаласы – 2.

Комиссия отырысының қорытындылары бойынша 46 өтінім қанағаттандырылды, олардың ортақ қарызы 15,5 млрд. теңгені құрайды.

Естеріңізге салар болсақ, қаржылық сауықтыру шарасы екінші жыл жүзеге асырылып отыр. Былтыр қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылған болатын. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы бірінші отырысында ортақ қарызы 56,7 млрд. теңгені құрайтын 28 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтырудың мәні неде?

Мемлекеттік қолдаудың бұл бағыты аясында АӨК субъектілері бизнесті дамыту мен арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу мақсатында алған теңгедей несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға, шетелдік валютада алынғандары бойынша 5%-ға төмендетіледі. Қаржылық сауықтыру аясында сонымен қатар қарыздарды қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұлдар мен өсімпұлдар шегеріліп тасталады.

Қаржылық сауықтыру шарасына АӨК субъектілері 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған несиелерімен қатыса алады.

Мемлекеттік қолдаудың бұл түрін пайдалану үшін кәсіпкер несие алған қаржы институтына өтініш беруі тиіс. Қаржы институттары ретінде екінші деңгейлі банктер, банктік қызмет атқаруға лицензиясы бар несие ұйымдары мен АӨК саласындағы несиелік серіктестіктер қарастырылады.

Қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірде №379 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығына 8 800 080 7080 бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

Анықтама:

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда.

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

http://www.kazagro.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus