Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар 2014 жылдың соңына дейін фермерлердің несиелік жүктемесі 300 млрд. теңгеге жеңілдейді

2014 жылдың соңына дейін фермерлердің несиелік жүктемесі 300 млрд. теңгеге жеңілдейді

image016
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік жүктемені төмендету туралы агроөнеркәсіптік сектор субъектілерінен 217 өтініш келіп түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша тиісті тетіктерді қарастырады. Бұл тұрғыда бұрынғы кредиторлық қарыздарды төмендету мен мерзімін ұзарту ескерілген. Бүгінде 167 млрд. теңге көлемінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің 217 өтініші мақұлданды», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биылдың соңына дейін бұл бағытта 300 млрд. теңгені игеру жоспарланып отыр. «Осы сомаға қазіргі несиелер жеңілдетіледі», – деді А. Мамытбеков.

http://inform.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus